Интернет-магазин

Кокшетау

(центральный салон "Блэк")

+7 716 255 25 85 +7 702 225 25 85

Пн-Пт. 09.00-19.00 без обеда,
Сб 10.00-16.00 без обеда

Астана

+7 747 731 01 01

Пн-Сб 10.00-20.00 без обеда


Алматы

+7 777 900 60 09

Пн-Пт. 10.00-19.00 без обеда,
Сб 11.00-16.00 без обеда


Время работы интернет-магазина
Пн-Пт. 09.00-19.00,
Сб 10.00-16.00

Сұрақ-жауап

1. Неге ыдыстар қайың мен талдан жасалған?

Қайың – берік және төзімді ағаш. Бітімі мен қасиеттерінің арқасында, қарағай немесе шырша қарағанда, тығыз болып келеді. Сондай-ақ, бөгде иісі мен шайыры жоқ, мысалы, қарағайға қарағанда. Ақ тал – жеңіл ағаш (қайыңнан 2 есе жеңіл), айқын иісі жоқ. Мұндай ағаш таза бітімді және пайдалы қасиеттерге ие асыл ағаш болып саналады.

2. Неге қайыңнан жасалған астау ауыр болып келеді?

Астау өндірісінде, әдетте діңгектің төменгі бөлігін (ағаштың тамырға тақалған жері) пайдаланылады, өйткені оның құрылымы тығыз болып келеді. Оның жоғарғы қимасынан жасалған астау жеңілірек болады. Астаудің жеңіл түрлерін ұнататын жандар үшін, біз талды қолданамыз. Әрбір ағаш сұрпының өзіндік салмағы мен қасиеттері бар. Біз үздік нұсқаны таңдап алдық.

3. Неге астаудың ішкі жағында борттары бар?

Ішкі жағында борттары бар астау кең болып келеді, бұл ыдыстың қисаюын тудыруы мүмкін. Ішкі жағындағы борт жүктемені өзіне алып, өзіндік бекіткіш
ретінде қызмет етеді.

4. Егер астауда ағаштың өзегі немесе бітімі көрінсе, бұл сапасына әсер ете ме?

Сапасына ешқандай әсеретпейді, одан ағаш тығыздықтан немесе сапасынан кемдік етпейді. Бітім – бұл бұйымды әрлендіріп, ерекше көрініс беретін табиғи сурет. Кейде өзінің бітімімен құнды болатын бұйымдар кездеседі, мысалға алғанда, алма ағашы немесе қарағаш.

5. Неге сіздерде жеңілдіктер мөлшері кішкентай?

Шынымен де, жеңілдіктер мөлшері бізде аздау болып келеді, бұған үш ең маңызды себеп бар:
1. «Блэк»-тың барлық бұйымдары авторлық болып табылады және тек біздіңкомпанияда әзірленеді.
2. Бұйымдар қолдан ойылып жасалынатындықтан, бұйымдарды көп мөлшерде шығаруға немесе құнын арзандатуға мүмкін емес, «Hand Made» болып табылады. Әрбір бұйым, шын мәнінде бірегей болып табылады.
3. Барлық бұйымдар табиғи ағаштан жасалады, ал бұның өзі арзан болуы мүмкін емес. Ағаш – бұл әркімнің қолына келе бермейтін, табиғи экологиялық таза материал. Табиғи ағаштан жиһазды тек ауқатты адамдар пайдаланады дегенге келісесіз бе? Егер біздің өнімді сатып алсаңыз, өз даралығыңызды, әлеуетіңізді және талғамыңызды көрсетесіз!

6. Неге кесеге ыстық құюға болмайды ?

Кесе жұқа ағаштан орындалғандықтан, қайнап тұрған су құйғаннан кейін ағаш бүгілуі немесе жарылуы мүмкін. Біздің кеселер негізінен қымыз, шұбат, айран және басқа да суық сусындар үшін арналған.

7. Әшекейленген ыдыстар практикалық қолдану үшін жарамды ма?

Иә. Сәнді түріне қарамастан, ол қолдану үшін өте қолайлы болып келеді. Ыдыстың ішкі жағы арнайы тағамдық лакпен өңделеді, бұндай лак азық-түлік өнімдерімен пайдалануға рұқсат етілген және Қазақстан Республикасының тізіліміне енгізілген.

8. Неліктен астауда жарық пайда болды?

Мұндай жағдайлар өте сирек болып тұрады. Ағаш болжап болмайтын материал. Ол табиғи тірі материал екендігін түсіну қажет. Мүмкін астау сәл кезергендіктен, немесе температураның ауысуы орын алғандықтан. Мүмкін Сіз маймен жеткілікті түрде өңдемегендігіңізден. Біздің сайтымызда Сіз бұйымның ұзақ жылдарға бастапқы түрін сақтауға көмектесетін жаднаманы жүктей аласыз.

9. Неге білте тақтайшаларға және өзге ағаштан жасалған бұйымдарға тапсырыстарды қабылдамайсыз?

Бұл мүлдем біздің бағытқа жатпайды. Бойлық бұйымдар даналап жасалмайтындықтан, олар ағаш өңдеу шеберханаларында арнайы жабдықтар
арқылы өндіріледі. Барлық қалаларда тапсырысыңызды қуана-қуана қабылдайтын ағаш өңдеу шеберханалары бар.

10. Неліктен жиһаз жасап шығармайсыз?

Біз жиһазды бұрын жасаған болатынбыз, оның үлгілерін салонымызда көре аласыз. Қазір бізде басқа бағыт, біз ұлттық салт-дәстүрлерді дамытуды және жаңғыртуды қалаймыз. Егер қаласаңыз, арнайы Сіз үшін ұлттық жиһазды – сандықтар, үстелдер, кебеже, асадал, және т.б. дайындай аламыз.

11. Домбыра қандай ағаштан жасалады?

Домбыра ерекше технология бойынша жасалады. Бұл өте көп еңбекті талап ететін үдеріс, өйткені шамалы технологиядан ауытқу аспаптың үн шығаруының зақымына әкеліп соғады. Жақсы үн үшін алдыңғы бөлігі – шыршадан, артқы қабырғасы – шамшаттан немесе еменнен, мойыны – балқарағайдан немесе қарағайдан жасалады. Біздің компанияда домбыра жасаудың құпияларын мұрагерлікпен алған екі шебер жұмыс істейді.

 

12. Неліктен біз темір тостағансыз тегеш жасамаймыз?

Темір тостаған ағаш пен судың жанасуын алдын алып, тегешті ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Алынбалы тостағанның арқасында, тегешке ыстық және суық сусындарды құюға және ыдысты ұзақ отырыстарда пайдалануға болады. Тегешті жуу үшін, тостағанды алып, кәдімгі қолданыстағы ыдыс сияқты жуу құралдарымен жуып алуыңызға болады. Тостаған арнайы тапсырыс бойынша Мәскеу қаласында үнді болаттан жасалады. Бұл тостағандардың тағаммен қауіпсіз байланысын растайтын сапа сертификаттары бар.

13. Филиалдарыңызда баға бойынша қандай айырмашылықтар бар?

Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарда бағалар тиянақтандырылған, Көкшетаудағы бас офистен айырмашылығы жоқ. Прайс-листті біздің сайттан жүктеп ала аласыз.

14. Тапсырыстар неліктен ұзақ орындалады?

Тапсырыс орында – ол өте ұзақ шығармашылық процесс. Бізде жұмыс барысында орташа есеппен әрқашан 15-17 тапсырыстың бар болатындықтан, уақыттың қажеттілігін ескеру керек. Сонымен қатар, технологиялық процесс сақталуы тиіс. Біздің шеберлердің еңбекті талап ететін жұмысы үшін және материалды өңдеу, кептіру, лактау үшін уақыт қажеттілігін түсіну қажет.

0 позиций – 0,00